Атырауда жан түршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1994

Атырау облысының Құрманғазы ауданында, 8-ші және 9-шы разъездердің арасындағы жол учаскесінде ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Құрманғазы ауылынан шамамен 45 шақырым қашықтықта Toyota Ipsum және EXEED TXL автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.