Ер адам 488 млн теңгенің алтынын денесіне жасырып, шекарадан өтпек болған

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
61

Алматы қаласының тұрғыны «Қорғас» Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» кеден бекеті арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, заңсыз әрекет уәкілетті органдар қызметкерлерінің тексеруі кезінде әшкереленген. Ер адам кедендік және шекаралық бақылаудан алтынды жасыру үшін құймаларды денесіне жабыстырып алған.

Сотта оның экономикалық контрабанда жасауға әрекеттенгені дәлелденді. Жалпы салмағы 5 келі 764 грамм, құны 488 миллион теңге болатын алтын мемлекет кірісіне айналдырылды айналдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға туралы оқырман Telegram-ботқа жазып хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы сол сыныпта оқиды, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзг...