Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келген

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
142

Оқиға туралы оқырман Telegram-ботқа жазып хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы сол сыныпта оқиды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Ұлым осы сыныпта оқиды. Қыз мектепке пышақ алып келіп, сыныптасына шабуыл жасаған. Абырой болғанда, бәрі аман. Қазір жиналыс өтіп жатыр. Баланың да жағдайы жақсы”, – деп жазған оқырман.

Осыған байланысты Астана қалалық полиция департаментіне сауал жолдадық. Ведомство тергеу басталғанын хабарлады.

“Зардап шеккен екі оқушы қызға медициналық көмек көрсетілді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған қыз профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды”, – делінген полиция хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына шектеу қойылуы мүмкін. Алайда мұн...