Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдаудың тосын тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде ө...
Қар мен көктайғақ: 17 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ
17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзге өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірқатар аймақта тұман түсіп, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және солтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Астанада жауын-шашын болмайды: түнде −8…−6°C, күндіз +2…+4°C, жел секундына 3–8 метр. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашын күтілмейді. Түнгі температура −4…−2°C, күндіз +5…+7°C, жел 3–8 м/с болады. Шымкентте де жауын-шашынсыз, түнде тұманды ауа райы болжанады. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C, жел 5–10 м/с болады.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстанда түнде −5…0°C, Ақтөбе облысында −3…+2°C, екі өңірде де күндіз 0…+5°C болады. Жел 7–12 м/с. Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұманды: түнде −3…+2°C, күндіз +2…+7°C, жел 5–10 м/с. Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді, тұман түседі. Түнде 0…+5°C, жекелеген аудандарда −3°C, күндіз +3…+8°C, жел 9–14 м/с болады.
Ақмола облысында түнде −9…−4°C, күндіз 0…+5°C; Солтүстік Қазақстанда түнде −6…−1°C, күндіз −3…+2°C болады. Екі өңірде жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады: түнде −5…0°C, күндіз 0…+5°C. Павлодарда жауын-шашынсыз, тұманды: түнде −9…−4°C, күндіз −2…+3°C.