Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев...
Екпе алмаған балалар мектепке бара алмай қалуы мүмкін
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Қазақстанда екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына шектеу қойылуы мүмкін. Алайда мұндай шешім сыныптағы немесе балабақша тобындағы өзге балалардың қаншасы вакцина алғанына байланысты қабылданады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құрылтайда өткен Үкімет сағатынан кейінгі брифингте журналистер вице-министрден екпе алмаған балалардың білім беру ұйымдарына баруына қатысты сұрады.
Манас Рамазановтың айтуынша, вакцина алмаған балаларға бірден тыйым салынбайды. Бұл ретте сыныптағы немесе балабақша тобындағы екпе алған балалардың үлесі ескеріледі.
«Егер балабақша тобындағы немесе сыныптағы балалардың басым бөлігі екпе алған болса, бір баланың вакцина алмауы ұжымдық иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ әр жағдай жеке қаралуы керек. Ал топтағы немесе сыныптағы балалардың көбі екпе алмаған болса, әрине, олардың келуіне тыйым салынады», - деді вице-министр.