Газада әуе соққысынан бес журналист қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1071

Газа секторындағы «Аш-Шифа» ауруханасының қақпасы маңында орналасқан журналистерге арналған шатырға әуе соққысы жасалып, «Аль-Джазира» телеарнасының бес қызметкері қаза тапты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы El.kz интернет порталы.

Қаза болғандар қатарында тілшілер Анас аш-Шариф пен Мохаммед Крейке, операторлар Ибрагим Захер, Мохаммед Нуфаль және Муаммян Алива бар. Олардың барлығы жексенбі күні болған оқиға кезінде бақилық болған. 

«Аль-Джазира» мәлімдемесінде бұл оқиға «баспасөз бостандығына жасалған кезекті қасақана шабуыл» деп бағаланып отыр.

Израиль армиясы (ЦАХАЛ) соққының нысанасы Анас аш-Шариф болғанын растады және оны «ХАМАС-тың террористік ұяшығының жетекшісі» деп атаған. Басқа қаза тапқан журналистер жайлы Израиль тарапы ақпарат берген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...