«Әлемдік аренадаларда өнер көрсететін әртіс »: Димаш Құдайберген жас орындаушыны қарамағына алғанын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
135

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы Нұржас Садырбаевты өз қанатының астына алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты @sadirbaeeev продюсері есебінде қарамағыма алдым», – деп жазды әртіс Instagram парақшасында.

Димаш өзінің шамамен 15 жылдық мансабында ұзақ жолдан өткенін атап өтті: халықаралық байқауларға қатысудан бастап, әлемнің түкпір-түкпірінде жеке концерттер өткізуге дейін.

«Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім.

Енді сол тәжірибеммен бөлісіп,еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді! Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз. Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын.Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді.» – деп қосты ол.

Әнші сондай-ақ студиядағы бірлескен жұмыстан кадрлар жариялап, келесі аптада шығатын жаңа әннің релизін анонс жасады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атақты продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңаөзендегі №4 теңіз сорғы станциясының аумағында құбырда ақау пайда болып, соның салдарынан су бұр...