“Дарынсыз”: Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның сынына жауап берді

Коллаж: turkystan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1729

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Меруерт Түсіпбаеваның айтқан сынына жауап берді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ turkystan.kz сайтына сілтеп.

Әншінің айтуынша, Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермеуі және дәстүр мен мәдениетті терең білмеуі – мұндай тарихи әрі рухани маңызды туындыларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ұлттық классикаларды түсіру жұмысына мәдениетті, дәстүрді, тілді шын мәнінде түсінетін, кәсіби білікті мамандар тартылуы керек», – деп жазды өнер иесі.

Ал продюсер айтылған сынға қысқа жауап қайтарды.

«Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады», - деп жазды Б. Алагөзова.

 

 

Әлем

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал ш...