Балабақшадағы сұмдық жағдай: Тәрбиеші баланы мойнынан қылқындырып сүйреген

Сурет: oxu.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
1679

Әзербайжанның Баку қаласының Насими ауданында балабақшада балаға қатыгездікпен қараудың тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Oxu.Az жазды. Жәбір көрген тәрбиеленушінің анасы Айсель Гейби Мокаррами Baku.ws-тің жедел желісіне шағымданған.

Әйелдің айтуынша, оқиға Гусейнбалы Алиев көшесі, 21А мекенжайында орналасқан "Barama" балабақшасында болған. Оның баласына Фатима есімді тәрбиеші зорлық-зомбылық көрсеткен.

«Тәрбиеші баламның тамағынан қысып ұстап, көтеріп алды. Сәбидің мойнында және қолдарында тырналған іздер қалды. Бұл туралы біз құқық қорғау органдарына хабарладық. Сарапшының қорытындысы бүгін дайындалды. Мен балама мұны жасаған адамның жазаланғанын қалаймын», – деді Айсель Гейби Мокаррами.

Айта кетейік, бұған дейін Бакудегі "Predu" балабақшасынан тәрбиешінің кішкентай балаға дөрекі қарым-қатынас жасаған сәті түсірілген кадрлар тараған еді.

АЙМАҚТАР

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 17-19 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы б...

СПОРТ

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Данияр Елеусіновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білді...