Дәстүрлі әнші Наркенже мен филармония директоры келісімге келді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1559

Әнші Наркенже Серікбаева мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназаров арасындағы дауға байланысты арнайы комиссия құрылып, тараптар өзара келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіргендеріңізге рақмет. Бүгін әкімдіктен комиссия құрылып, біз Ғалымжан мырзамен бір-бірімізді түсіндік. Бір-бірімізден кешірім сұрадық. Қолдауларыңызға рақмет», – деді Наркенже Серікбаева.

Филармония директоры Ғалымжан Ерназаров бұл жағдайдың көпшілікке таралып кеткеніне өкініш білдіріп, дау-дамайды ушықтырмауға шақырды.

«Көпшілікке таралып кеткен соң, облыстық мәдениет басқармасы мен әкімдіктен комиссия келді. Комиссия екі тараптың арыз-өтінішін қарады. Екі жақтың да бір-біріне реніші жоқ. Екі жақ та келісті. Одан әрі дау-дамай тудырып, ушықтырудың қажеті жоқ», – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...