Жантүршігерлік апат: 47 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
386

Индонезияның шығысындағы Флорес аралында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 47 адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы елдің Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігі (BNPB) мәлімдеді.

Магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі 15 тамыз күні таңертең Шығыс Нуса-Тенггара провинциясында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Эндеден шамамен 68 шақырым жерде орналасқан.

Қаза тапқандардың ең көбі Манггарай ауданында — 24 адам, ал Шығыс Манггарайда 17 адам көз жұмған. Сондай-ақ Сикка, Нгада және Энде аудандарында да адам өлімі тіркелді.

Жер сілкінісі салдарынан жүздеген ғимарат қирап немесе зақымданып, үйлер, мектептер мен медициналық нысандар бүлінген. Жолдарды көшкін басып, құтқарушылардың кейбір елді мекендерге жетуіне кедергі келтірді. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

Зілзалаға байланысты 341 афтершок тіркелген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, сондықтан құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...