Дәулеткерей Кәпұлы. Нұр-Сұлтан әкімдігі зиялы қауым өкілдерін елемей отыр

ЖАҢАЛЫҚТАР
9041
Ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры болып тағайындалған болатын.

Бұған дейін филиалды басқарған Бауыржан Қарағызұлының ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кеңесшісі қызметіне ауысуына байланысты, директорлықтан босатылған-ды.

Қазіргі уақытта Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалын басқарып отырған Дәулеткерей Кәпұлы өзінің facebook парақшасына Нұр-Сұлтан әкімдігінің зиялы қауым өкілдерін елемей отырғанын жазды.

"Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілігіне зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар түкке де қажетсіз бе деп қалдым! "Баланың ойыны, бақсының жынына" қатысы барларды ғана құрметтейтін әкімиятым, жасай берсін!", - деді.

madeniportal.kz


Оқи отырыңыз: Қазақ қорлықты кімнен көп көрді?


author

Бауыржан Қарағызұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...