11 адам қаза тапты: Шетелдік туристер отырған ұшақ апатқа ұшырады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
938

Кенияда шетелдік туристер отырған шағын әуе ұшағы апатқа ұшырап, 11 адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Оқиға 28 қазан күні таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі жеңіл моторлы ұшақ Масаи-Мара ұлттық қорығына бет алып бара жатқан кезде апатқа ұшыраған. Әуе кемесі Диани ұшу алаңынан 40 шақырым қашықтықта құлаған.

Компанияның мәліметінше, ұшқыш ұшу кезінде байланысқа шықпаған. Әуежай диспетчерлері жарты сағат бойы ұшқышпен хабарласуға тырысқанымен, жауап ала алмаған.

Апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Оның ішінде 8 венгриялық турист, 2 неміс азаматы және бір кениялық ұшқыш бар.

Қазір тергеу органдары апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай кезінде Кенияның жағалау аймағында қатты нөсер жауған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге құлаған кезде қатты соққыдан жолаушылардың қалдықтары шашылып жатқан. Оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...