Депутат Айжан Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа жолын ұсынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
93

Депутат Айжан Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа жолын ұсынды, деп хаюарлайды MadeniPortal.kz.

Депутаттың айтуынша, полиция зорлық-зомбылық болғаннан кейін ғана емес, қауіпті алдын ала анықтау керек. 

Ол үш шара ұсынды:

 Бірнеше өңірде "Электрондық қорғаныс аймағы" жобасын сынақтан өткізу;

Қауіп туралы сигнал түскенде полицияның әрекетін белгілейтін бірыңғай алгоритм бекіту;

Әрбір сигнал мен полиция қабылдаған шараны цифрлық жүйеде тіркеу. 

Аймағанова мұндай тәжірибе Францияда қолданылатынын атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстанда бұл үшін қажетті тетіктер бар, жаңа әрі қымбат жүйе құрудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айжан Аймағанованың Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке «Электрондық қорғаныс аймағы» пилоттық жобасын әзірлеу жөнінде депутаттық сауал жолдады. 

СПОРТ

Бүгін, 21 қазанда, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар өтеді. Бірқатар кездесуде ком...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 45 млрд теңгеге бағаланған мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан қылмыс...