Балалар тарих пәнінен беретін ер мұғалімінің оқушыға қол көтергенін видеоға түсіріп алған. Оқыс оқиғ...
Қуат Хамитов мансап жолына қауіп төнгенін мәлімдеді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Кәсіпқой боксшы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегінің өтпейтінін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Боксшының сөзінше, оның саяси пікірлері жекпе-жектің өтпей қалуының себебі болуы мүмкін.
«Келесі жекпе-жек қашан деген сұрақты енді қоймай-ақ қойсаңыздар болады. Өйткені бір емес екінші жекпе-жегім өтпейтін болды. Астанада ақпан айында өтуі керек болған жекпе-жегім менің саяси көзқарастарымның себебінен болмай қалды. Екінші жекпе-жегімде тағы бірдеңем ұнамай қалған», - деді Қуат Хамитов.
Боксшы өзін жарнамалап жүр дегендерге жауап берді.
«Көптеген жігіттер айтып жатыр екен. Қуат бүны хайп үшін жасайды деп. Жарнама бұндай болмайды. Менің шындықты айтқан сөздерім «Ескі Қазақстанда» да көп жолымды бөгеді. Төрт-бес жекпе-жегім өтпей қалған. Қандай іс-әрекеттер болса да мені сындыра алмайтынын айтқым келеді», - деді боксшы.