Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Еске салайық,...
Жол апатында қаза тапқан қыздың отбасы Шавкат Рахмоновтың жұбайын кешірді
ашық дереккөз
Шавкат Рахмоновтың әйелі күдікті деп табылған істе марқұмның туыстары айыпталушыны кешіргенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
SMARTNEWS.KZ басылымының мәліметінше, Тараз қаласында жол-көлік апатына байланысты атышулы іс қаралып жатыр. Іске Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы – Гүлайым Рахмонова қатысты. Қайғылы оқиғада қаза тапқан қыздың отбасы сотта күтпеген мәлімдеме жасап, айыпталушыны кешіргенін айтты.
Марқұмның әкесінің айтуынша, апат болған күні отбасы Алматыда үйінде отырған. Қайғылы жағдай таңертең болғанымен, қаралы хабар кешке қарай ғана жеткен. «Сол күні үйімізге Гүлайым Рахмонованың туыстары мен екінші қаза болған әйелдің анасы келді. Кешірім сұрады. Отырып, бірге жыладық», – дейді марқұмның әкесі. Оның сөзінше, айыпталушы тарап мәйітті Жамбыл облысы аумағынан жеткізуге көмектескен әрі жерлеу рәсіміне байланысты шығындардың бір бөлігін өз мойнына алған.
Марқұмның әкесі қызының сол күні жолға шығатынын білмегенін де айтты. Ол сотта айыпталушыны кешіргенін ашық мәлімдеді. «Бұл – жол. Онда не болатынын ешкім болжай алмайды», – деді ол.
Қаза тапқан әйелден 2006 жылы туған ұлы қалған.