Қадір түніне орай 300-ден аса сотталушыға рақымшылық жасалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1751

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Turkmenportal-ға сілтеме жасаған MADENIPORTAL.KZ.

Басылымның жазуынша, 21 наурызда ел президенті Сердар Бердымұхамедов министрлер кабинетінің кезекті отырысын өткізген. Цифрлық форматта өткен жиында өзекті мәселелер қаралған.

Отырыс барысында Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Түркіменстан президенті жанындағы азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау комиссиясының төрағасы Б.Гундогдыев қасиетті Қадір түніне орай сотталушыларға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қортындысы туралы баяндама жасаған.

Баяндаманы тыңдаған президент Сердар Бердымұхамедов жылдағы дәстүр бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан елдің 321 азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...