Актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1068

"Томирис" фильмі арқылы танылған отандық киножұлдыз, актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін өмірге әкелді. Актриса желіде сүйінші жаңалығын және перзентханада түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Альмира Тұрсын Instagram желісіндегі парақшасында перзентхана бөлмесіндегі кереуетте шоколад түсті жібек матадан тігілген пижамамен кішкентай қызын құшақтап отырған сәтінен сурет жүктеді.

"Томирис" фильмінің жұлдызы перзентханада түскен алғашқы фотосуреттерін бөлісіп қана қоймай, нәрестенің есімін де жария етті. Өмір есігін жаңа ашқан қыз балвға сирек кездесетін есім берілген.

"Ая-Сафия есімді қызымыз дүниеге келді. Менің арманым, дұғам, Құдайдың жауабы және сыйы! Жаратушыға мадақ пен алғыс!" - деп жазды бақытты ана.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...