“Дикий Арман” 20 жылға сотталды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2072

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Прокурор Жұмагелдиевке 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл, ал ҰҚК 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 ай түрме жазасын сұраған. Үшеуі де кінәлі деп танылды.

Қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке “Қаңтар” оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша, ол кездейсоқ өтіп бара жатқан 20-дан астам адамды ұрлап, қару-жарақ ұрлап, адамдарды заңсыз ұстап, олардың бостандығын шектеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...