Экс-депутат Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды

Фото: инстаграмнан алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1862

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезіндегі іске байланысты кінәлі деп табылып, 8 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еске салайық, 2022 жылы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталған.

Алдын ала тергеу Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен (“Дикий Арман” деп аталатын) бірге “Қазақстан” қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғанын анықтады. Сондай-ақ адамдарды 10 адамнан “ұяшықтар” бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...