Экс-министр мен оның ұлы 8 жылға сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1952

Қырғызстан Республикасының бұрынғы табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова мен оның ұлы Кемелбек Құтманов 8 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімі бойынша Динара Құтманова қылмыстық кодекстің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Ал ұлы Кемелбек Құтманов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталды.

Первомай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім 5 ақпанда шыққан.

Екеуі де табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінде қызмет атқарса да, Қырғызстандағы ең ірі «Құмтор» кен орнын игеруден түскен қаражатты заңсыз пайдаланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...