ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН: ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА АПАРАДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2029

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өте керемет адам. Өйткені ол елімізді жаңартып, көркейтті. Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа арналған әр Жолдауы бізге күш-қуат берумен қатар, халықтың әл-ауқатын, экономикамыздың нығаюын, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуын, компьютерлік сауаттылығын көтерілуін, жастардың білімге деген құштарлығының кеңеюін көздейді», - деді ол.

Осы орайда Димаш Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» халыққа нақты бағдар беріп, қазақстандықтарды үлкен табыстарға жетуге итермелейтін бағдарламалар екендігін баса айтты.

 «Бұл бағдарламалар менің үлкен мақсаттарға жетуіме, мәдениет, білім көкжиегімді кеңейтуге молынан жол ашты деп айта аламын. Соның айғағы - әлемге туған елім, кең байтақ жерімді өнерім арқылы паш етіп, қазақтың мәртебесін көтеруге ұмтылысым. Бізге, жастарға осындай керемет мүмкіндіктер туғызған, Тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерінің басы-қасында болған Елбасымызға шын ниетіммен, зор алғысымды білдіргім келеді. Сіз бастап, көрсетіп берген жол - Отанымыздың жарқын болашағына апаратын жол екеніне кәміл сенемін!», - деді Димаш Құдайберген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда өткен концертте Димаш Құдайбергенге қосылып ән шырқаған мүгедектер арбасындағы жігіттің виде...

Шоу-бизнес

Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серіктен тұрмыста кезінде көрген қорлығын...