Актер Дәурен Айдарқұлов өз Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабар...
Димаш Құдайберген сөзінде тұрды: Шайдоровқа су жаңа көлік сыйлады
Коллаж: MadeniPortal.kz
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі бұған дейін Шайдоровтың жетістігін жоғары бағалап, оның жеңісін бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өткен еді.
«Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң – халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың алдындағы міндетіңді жоғары деңгейде өтедің», – деді Димаш Құдайберген.
Кейін белгілі болғандай, Димаш уәдесінде тұрып, Михаил Шайдоровқа Hyundai компаниясының Hyundai Palisade автокөлігін сыйлады. Бұл көліктің нарықтағы бағасы 34 миллион теңгеден басталады.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада алтынын иеленген тұңғыш спортшы. Бұл жеңіс отандық қысқы спорттың жаңа белесін айқындады.