Ресейдің Қазақстанмен іргелес қаласын су басты

Фото: vk.com/public_asha

ЖАҢАЛЫҚТАР
2283

Ресей Федерациясының Челябі облысындағы Аша қаласын су басты, деп хабарлайды Мadeniportal.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл аймақ Қазақстанның Қостанай облысымен шектеседі.

 

Қаладағы су басқан көшелерден 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

"Сим өзенінде мұз кептелуі мен жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілді, бұл Аша қаласындағы Матросов, Набережная, Октябрьская, Заречная көшелеріндегі 31 шаруашылық телімін су басуға әкеп соқты", - деп жазылған хабарламада.

Сим өзенінің арнасы экскаватор, манипулятор көмегімен тазартылған.

"Матросов, Октябрьская, Заречная көшелеріндегі су деңгейі 1 метрге төмендеді, 15 тұрғын үй мен жеке учаскелер судан тазартылды. Тағы 16 тұрғын үй мен жер телімі су астында қалды", - деп жазылған ақпаратта.

Ресейлік ТЖМ мәліметінше, төтенше жағдайға Ресей ТЖМ қызметкерлері, өңірдің іздестіру-құтқару қызметінің бөлімшелері, мамандандырылған өрттен құтқару бөлімінің күштері жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының билігі наурызда, сәуірдің басында ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріледі деген болжамға байланысты ескерту жасады. Дегенмен ірі су тасқыны болжанған жоқ.

СПОРТ

Үстел теннисінің әлемдік деңгейдегі майталманы, Қытай құрамасының бұрынғы жұлдызы Фан Бо үлкен спорт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда әуе тасымалы ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Енді музыкалық аспаптарды алғаш рет ресм...