Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты (видео)

Фото: инстаграм @kudaibergenov.dimash

ЖАҢАЛЫҚТАР
2703

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген автограф сұраған жанкүйерінің өтінішін орындаудан бас тартты, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі Прагада жанкүйерлерімен кездескен болатын. Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.

“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне алғыс айтып, концертіне шақырды.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...