Димаш Құдайбергеннің көптен күткен Aqerke бейнебаяны жарық көрді

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
158

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Aqerke әніне түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынды. Премьерасы 31 шілде күні Алматы уақытымен сағат 11:00-де әншінің ресми YouTube арнасында өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бейнебаянның шығатынын алдын ала хабарлаған болатын. Премьераға бір күн қалғанда Instagram желісінде қысқаша тизер жариялап, жанкүйерлерін жаңа туындыны бірге тамашалауға шақырды.

Жаңа бейнебаян тыңдармандар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бейнежазба астында және әлеуметтік желілерде жанкүйерлер клиптің атмосферасын, көркемдік шешімін және Димаштың әсерлі орындауын жоғары бағалап, жүздеген пікір қалдыруда.

«Халық әнін халықаралық хитке айналдыруға бола ма? Әрине болады, егер оны данышпан орындаушы айтса! Құрметті Димаш, сіз – нағыз талант иесісіз!» – деп жазды жанкүйерлердің бірі.

Премьерадан кейін небәрі бір сағаттың ішінде Aqerke бейнебаяны мыңдаған қаралым жинап, танымалдығын арттыруды жалғастырып жатыр. Жанкүйерлер жаңа туындыны қазақстандық әншінің шығармашылығындағы ең әсем жұмыстардың бірі деп бағалауда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...