Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
147

«Қазгидромет» 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп болжанады.

8 қарашада батыста жаңбыр қатты жауса, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста күн жауын-шашынды болады. Оңтүстікте де күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

 

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...