Димаштың құрметіне Мексикада бұрын-соңды болмаған жоба іске қосылды

dimashnews

ЖАҢАЛЫҚТАР
139

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында жанкүйерлері ерекше бастама көтерді. Мехико көшелерінде өнерпазға арналған арнайы безендірілген автобус қатынай бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы dimashnews.com жазды. 23 қазаннан бастап Мексика астанасының көшелерінде Димаш Құдайбергеннің алдағы концерттерін насихаттайтын тақырыптық автобус жүре бастады. Бұл жобаны әншінің мексикалық жанкүйерлері ұйымдастырған.

Арнайы автобус 2026 жылғы 21 қарашаға дейін қатынайды. Оның бағыты Мехиконың ең танымал әрі көлік қозғалысы қарқынды көшелерін қамтиды.

Атап айтқанда, автобус әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолы, Ұлттық аудиториум маңы, Глориета-де-Петролеос және Чапультепек аудандары арқылы өтеді.

Осылайша, Мексика тұрғындары мен қала қонақтары қазақстандық әншінің алдағы концерттері туралы көшелерде жүріп-ақ біле алады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Мексикада жанкүйерлері көп. Әншінің халықаралық аудиториясы оның шығармашылығына арналған түрлі жобалар мен қолдау акцияларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген әлемнің 40-тан астам елінде концерт береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік қағып кеткен жасөспірім қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстанда ерекше қорғалатын таб...