Әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алған түлек өз таңдауын жасады

Фотосурет kyn.kz алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2107

Түркістанда 11 сынып түлегі әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды.  Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kyn.kz сілтеме жасап. 

Түркістанда білім-инновация лицейінің оқушысы әлемнің бірнеше университетіне шақырту алды.

Түлек 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізіп келген.

"8-сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым", - дейді Ислам Абдурахманов.

Дарынды оқушы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесін таңдап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызын бөлшектеген Виктор 10жылдан кейін бостандыққа шықты,  деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Вл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полиция дерегінш...