Жәрдемақы алып жүргендерге тексеріс жүргізіледі: Жаңа тәртіп енгізіледі

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
118

Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мұқтаждық деңгейіне қарай әлеуметтік көмек тағайындау қағидатын енгізу бойынша пилоттық жоба 2027 жылғы 1 қаңтарда басталады. Алдымен жаңа тәсіл табысы жоғары азаматтарға сынақтан өткізіліп, кейін ауқатты қазақстандықтардың жағдайы бағаланады. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

"Қаңтар мен ақпанда табысы жоғары азаматтар арасында, ал ақпаннан сәуірге дейін ауқатты азаматтар арасында пилоттық жоба аясында тексеріс жүргізіледі", - деді министр. 

Оның айтуынша, жаңа тәсілді енгізу тетіктерін әзірлеу қарашада аяқталады. Ал желтоқсанда Отбасының цифрлық картасы екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі.

Бағалау кезінде отбасының табысы мен несиесі, соның ішінде ипотекасы, көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасы болуы және жай-күйі, отбасын асырауға жұмсалатын шығындары ескеріледі. Сондай-ақ, отбасында бір ғана асыраушы болуы немесе жалғыз баспанасы болуы да назарға алынады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік қағып кеткен жасөспірім қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстанда ерекше қорғалатын таб...