Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жан...
Қазақстанда заңсыз аң аулағандар қандай жазаға тартылады?
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық қағидаларын бұзған азаматтарға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін аң аулау құқығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ведомство мәліметінше, тиісті рұқсатсыз, белгіленген мерзімнен тыс, тыйым салынған аумақтарда немесе заңсыз тәсілдермен аң аулау заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін аң аулау құқығынан айыру көзделген.
Сонымен қатар құқық бұзушылық жасауға пайдаланылған заттар мен құралдар тәркіленеді.
Заңсыз аңшылық жануарлар дүниесіне қауіп төндіріп, табиғи тепе-теңдікке зиян келтіреді, – деп ескертті комитет.
Ведомство азаматтарды аңшылық қағидаларын сақтауға және жабайы табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Қазақстанда аң аулау маусымы жануардың түріне, көбею кезеңіне және өңірге байланысты белгіленеді. Жыл бойы аң аулауға рұқсат берілмейді. Әсіресе жануарлардың төлдеу, құстардың ұя салу және балапан басу кезеңдерінде шектеулер қолданылады.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларды, соның ішінде қар барысын, қарақұйрықты, арқардың қорғалатын түрлерін және басқа да сирек кездесетін жануарларды әдеттегі аңшылық аясында аулауға тыйым салынады.
Сондай-ақ ұлттық парктер мен қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарында аңшылыққа жалпы тыйымдар мен арнайы шектеулер қолданылады.