Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуыл әрекетін айыптады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
898

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл оқиғалардың салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға елеулі зиян келген.

Мемлекет басшысы мұндай әскери әрекеттер Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтырып, аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін атап өтті. Оның пікірінше, қарулы қақтығысты күшейтетін мұндай әрекеттерді ақтауға ешқандай негіз жоқ.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейдегі даулы мәселелерді шешудің ең тиімді әрі дұрыс жолы – дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...