Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 250-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Елдег...
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді
ашық дереккөз
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 21 шілдеге жоспарланған алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алғашқы сот отырысы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтуі тиіс еді.
Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарауды бастауды ұсынды.
«Менің ойымша, бұл кезеңде сотталушының қатысуы аса қажет емес. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарауды бастай берсек болады», – деді адвокат.
Бірақ судья бұл ұсынысты қанағаттандырмады. Оның айтуынша, сот процесі ресми түрде әлі басталмағандықтан, қандай да бір өтінішті қарау үшін процеске қатысушылардың барлығының қатысуы қажет.
«Сотталушының денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдырамыз. Оның қашан сауығатыны әзірге белгісіз. Соған сәйкес келесі сот отырысының күні кейін анықталады», – деді судья.
Осылайша, іс бойынша келесі сот отырысының нақты күні сотталушының денсаулық жағдайына байланысты кейін белгіленеді.