«Көзіме жас келеді»: Мақпал Жүнісова жаңа романс жазып жатыр

Мақпал Жүнісованың инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
507

Әлеуметтік желіде романстың бір шумағын тыңдаған жұрт әншіге ерекше ықыластарын білдіріп жатыр.

Әнші Мақпал Жүнісова жаңа романс жазып жатыр. Романс «Жаңбыр да жалғыз» деп аталады. Бұл жайлы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс жазып жатқанын бөлісті. 

«Бүгін жаңа романс жазудамын. Мақсат даусымды жазады. Бірінші тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романсты қабыл алаңыздар! Алла қаласа, үш-төрт күнде дайын болады», – дейді әнші.

Әлеуметтік желіде романстың бір шумағын тыңдаған жұрт әншіге ерекше ықыластарын білдіріп жатыр.

«Жаңбырдың әр тамшысын періштелер алып түседі екен..Барлық ауыртпалықтар жаңбырдай болып, әнмен жуылып кетсін! Тамаша!», «Керемет орындау, ерекше ән екен!», «Ғажап дауыс! Ғұмырлы бол! Мақпал – аңыз адам! Қайталанбайтын дауыс қой, шіркін!», «Авторларын айтатын жалғыз әнші», «Неге көзіме жас келеді..Жүрекке жеткізіп айтасыз», – деді тыңдармандары.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...