Досым Сәтпаев Алматы басшылығының ауысуы туралы не ойлайды

Фото: kapital.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1997

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Алматыда жаңа әкімнің сайлануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Алматыда әкім сайланбай, жоғарыдан тағайындалған соң, бұл қызметке көбіне халыққа емес, орталыққа жақын адамдар келеді.

- Өйткені ол халықтың емес, жоғарыдағы басшылардың сеніміне ие болған, – дейді ол. 

Сәтпаев бұндай жағдайда әкімнің кәсіби шеберлігі емес, орталыққа қаншалықты адал екені маңыздырақ болатынын айтады.

- Бұрынғыдай – кімнің білімі бар, кім жұмыс істей алады деген сұрақ емес, кім "жоғарыға" ұнайды, сол өтеді, – дейді Сәтпаев. 

Саясаттанушы «Табиғатта нашар сұрыптау тіршіліктің тоқтауына әкелер еді. Бірақ бюрократияда, яғни шенеуніктер әлемінде, бәрі басқаша. Алматы әкімдерінің жиі ауысуы соны дәлелдейді», – деп есептейді. 

Сәтпаевтың сөзінше, кейде әкімдерге «қаланы тұншықтыр» деген құпия тапсырма берілетіндей көрінеді.

- Көк тұмша, адам сыймайтын тығыз салынған үйлер – осылардың бәрі қаланың өмір сүруге қолайсыз болуына алып келіп жатыр. Жер сілкінісі болса, көп адам үйінді астында қалуы мүмкін, – дейді ол. 

Саясаттанушының айтуынша, орталық үшін әкімнің халыққа ұнауы тіпті қауіпті болуы мүмкін. “Егер әкімді халық жақсы көрсе, ол танымал бола түседі. Ал танымал адам орталыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті әкімдерге "халықпен жақсы бол" деген емес, "халықтың ашуын өзіңе тарт" деген міндет беріледі”, – дейді Сәтпаев.

Ол мұндай әкімдерді «губка» деп атайды. «Яғни олар халықтың наразылығын бойына сіңіріп, кейін "сығып алып", басқа жерге ауыстырып жібереді», – дейді саясаттанушы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...