Ақтөбеде 5 баласы араша сұраған ана сап-сау болып шықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
938

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығына түскен ақтөбелік әйел үйіне шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел адам 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауда болады.

Бес баланың анасы Жұлдыз Тлеуф 9-22 қазан күндері аралығында Алматыдағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатты. Орталықтан шыққан кезде анықтамада «дені сау» деп көрсетілген.

«2025 жылдың сәуір айында күйзеліске ұшыраған деп емдеу орнына жатқызылды. Яғни сол кезде күйзеліске ұшыраған. 2017 жылы дәл осындай жағдай болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес пациент 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауында болады. Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы 9-22 қазан күндері бақылауда болған пациентке «дені сау» деген диагноз қойды», – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа сала...