Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады

ЖАҢАЛЫҚТАР
4040

Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

«Жалпы Ұлттық жоспарды жүзеге асыру (Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары) отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыруға және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуіне ықпал етеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында. 

«Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа сапалы хабар тарату мақсатында биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл қадамды өте маңызды деп білеміз. Әсіресе, ауқымды ақпарат ағыны жағдайында ол азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді А. Балаева.


Оқи отырыңыз: Аида Балаева БАҚ-ты қолдау шаралары туралы айтты

author

Аида Балаева

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...