Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
675

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алмай, жол апатына ұшыраған. Жүргізуші оқиғадан соң көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

“Бастапқы деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші қайтыс болғаннан кейін мемлек...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республи...