Қазақстандықтарға 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1901

Жаңа бизнес ашамын дегендерге 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

21 мамырдан бастап жаңа бизнес ашамын дегендерге грант беріледі. Ол үшін Business.enbek.kz сайтына кіріп, өтінім толтыру керек. Шамамен 4500 адамға грант беру жоспарланған.

Өтініш бергендер жұмыссыз ретінде рәсімделген немесе кейінгі үш жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы керек. Сондай-ақ үміткердің «Бизнес Бастау» жобасынан кәсіпкерлікке қатысты оқудан өтті деген сертификатына қарайды.

Грант қаражатын қажетті құрал-жабдық, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар сатып алу, мал, құс, жануарлар, көшет, бұта, тұқым алу немесе ғимарат жалдау ақысын төлеу үшін алуға болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда скринигтің арқасында 215-тен аса науқастан қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталды. Бұл турал...