Әбу Насыр әл-ФарабиӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫНАНАударған Ж.МүтәліповМейірімі мен ізгілігі мол...
Ауылдағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған ер адам туысқа қарындасын 6 жасынан бастап 16 жасқа дейін зорлап келген
Ашық дереккөзден
Ауылдағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған ер адам туысқа қарындасын 6 жасынан бастап 16 жасқа дейін зорлап келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол Бас прокуратураға бүкіл істі 2017 жылдан бастап тексеруді ұсынды.
"Мен 10 жылдан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келдім. Туысқан ағам Жұмаханов Е. маған 6 жасымда өзінің жыныстық мүшесін, менің қалауымсыз түрлі порнографиялық видеолар көрсететін. 16 жасыма дейін өзінің ойын іске асырып келді. Мен құзырлы органдарға, жоғары органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заң болса да әлі күнге дейін күшіне енбеген бе? Бір жылдың ішінде дәлел шығып тұрса да тергеуді жауып тастап отыр. Еркебек мектепте мен тұрған ауылда денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген", - дейді қыз.
Заңгер Бас прокуратураға зорланған қыздардың істерін 2017 жылдан бастап тексеруді ұсынады.
Абай облысы бойынша бала құқығы жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова Аягөзде зардап шеккен Еркеназ есімді осы қызға психологтар көмектесіп жатқанын айтқан.
«Ақпарат алғаннан кейін бірден Еркеназбен кездесіп, содан бері байланыстамыз. Оның туған анасымен телефон арқылы сөйлестім. Еркеназға қазір психологтар көмектесіп жатыр. Колледж әкімшілігі жатақханадан бөлме берді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен байланыстамыз, ол Бас прокуратураға тиісті өтініш жолдады», - деп хабарлаған Жүнісова.