Джеки Чан Ақтауда танымал рэпер MiyaGI-дің әніне билеп таң қалдырды

Фото: Alash.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
583

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу талқыланып, жұрттың қызығушылын арттырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда Джеки Чанның MiyaGI-дің әндерін қосылып айтып, орындаушымен бірге билеп, естелік суретке түскені байқалады.

Желі қолданушыларының ерекше назарын аударған жайт - Джеки Чанның MiyaGI шығармашылығымен жақсы таныс болуы. Актердің әндердің сөзін білетіні және оларды ерекше ықыласпен бірге орындағаны көпті таңғалдырды.

Бұл көрініс көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.