Мектеп директоры «Алтын ханым-2026» атанды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
460

Алматыда өткен «Алтын ханым – 2026» байқауында бас жүлдені елордалық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы иеленді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Байқау отбасылы әйелдердің қоғамдағы рөлін дәріптеуге бағытталған ерекше жоба ретінде екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жеңімпаз атанған Ақмоншақ Нұртазақызы 3 млн теңге көлеміндегі жүлдені әйелдерді қолдауға арналған әлеуметтік жобаға жұмсамақ екенін айтты. Сондай-ақ ол өзіне мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен отбасысына алғыс білдірді.

Айта кетейік, байқауды танымал продюсер Баян Алагөзова жетекшілік ететін компания ұйымдастырады. Жобаға тек тұрмыстағы әйелдер қатысып, олардың тұлғалық дамуы, отбасы құндылықтарын ұстануы мен қоғамдағы белсенділігі бағаланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол апаты бүгін таңертең Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде болды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы демалыс маусымын...