«Egov қызметкерлерімен» сөйлесемін деп 5 млн теңгесінен айырылып қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
398

Петропавлов қаласының тұрғыны интернет‑алаяқтардың құрбаны болып, 5 миллион теңгесінен айырылып қалды. Алаяқтар өзін Egov және полиция қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

СҚО тұрғынының WhatsApp желісіне «Egov қызметкерлері» қоңырау шалып, оның жеке кабинеті белгісіз тұлғалар тарапынан бұзылғанын айтқан.  Алаяқтар SMS-хабарламадан келген кодты айтып, деректерді және банк қосымшасына кіруді тексеруін сұрады. Кейін видеоқоңырау арқылы «полиция қызметкері» байланысқа шыққан. Ол бірнеше банкте белсенді несие өтінімдері пайда болғанын айтып, оларды тоқтату үшін өзіне сол өтінімдерді жасау керек екенін және алынған қаражатты «қауіпсіз есепшотқа» аудару қажет екенін жеткізген. 

Талаптарды орындағаннан кейін Петропавлов тұрғыны 5 млн теңгесінен айырылып қалды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Алаяқтардан түскен қаражатты алған дропперлердің есепшоттары бұғатталған, полиция олардың иелерін анықтап, зардап шеккен тұлғаға азаматтық тәртіпте өтемақы өндіріледі.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 563 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 407-сі кибер алаяқтардың нұсқауымен несие рәсімдеуге қатысты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық рефо...

MADENI TV

Елімізде вице-президент немен айналысатына нақтыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Вице-пр...