Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлады madenip...
Шерзат ісінде ІІМ тиімсіз позиция ұстанып отыр — Елнұр Бейсенбаев
ашық дереккөзден алынған
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер министрлігінің ұстанған әлсіз позициясы одан сайын ушықтырып жатқанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
– Құқық қорғау органдары нақты ақпаратты дер кезінде заңмен белгіленген мөлшерде беріп отыру керек. Сонда бізде кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екені туралы нақты ақпарат болады. Ал бізде Ішкі істер министрлігі осындай резонансты жағдайдан кейін у-шуды басу үшін тағы бір ақпараттарды, видеоларды бөлісіп жатады. Менің ойымша, бұл – әлсіз позиция. Осыны үйрену керек. Қазір бүкіл әлемде солай. Еуропаның дамыған мемлекеттерінде резонансты істер бойынша алдын ала тергеу амалдарында айтуға рұқсат дүниелерді регламенттеп, әстін-әстін беріп отырады. Бізде осындай тетіктің жоқтығынан қоғамда түрлі ой тудыратын азаматтардың пікіріне араласып кетіп жатамыз, - деді депутат журналистердің сұрағына берген жауабында.
Сондай-ақ ол Шерзат ісін құзырлы органдардың қатысуымен Парламентте қарау керек деген сарындағы ұсыныстарға пікір білдірді.
– Бұл резонансты іс болып тұр ғой. Қазір тергеу амалдары бір ретке келуі керек. Мұндай дүниенің Парламентте талқылануы сот процесіне, тергеу амалдарына тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл жерде айтылған пікір нақты дәлел, дәйектермен көмкерілмегеннен кейін депутаттардың түйген ойы екіұдай болуы мүмкін. Сондықтан тергеу амалдары нақты бір бағытқа түспейінше Парламентте талқылау жүргізудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деді депутат.