10 оқу-тәрбие мекемесінің 160 оқушысына 160 домбыра сыйға берілді. Музыкалық аспаптарды «Дегда...
Сұлтан Сәрсемәлиев сотта соңғы сөзін айтты
Фото: әлеуметтік желіден
1102
Сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиев сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтты. Ол өз сөзінде тағы да жәбірленушілердің әрекеттерін сынға алып, болған оқиғаға олардың ықпалы болғанын жеткізуге тырысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Адамнан айуан шығарған – өздері. Мен қанішер, жауызбын. Бірақ мен жазықсыз адамдарды өлтірдім деп санамаймын», – деді сотталушы.
Сондай-ақ ол өзіне тағайындалатын кез келген жазамен келісетінін айтып, соттан қылмысқа баруына себеп болған мән-жайларға әділ құқықтық баға беруді және өзін түсінуді сұрады.
Прокурор соттан Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.