Марқұм фельдшердің күйеуінің тойы желіде шу болып жатыр

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнет Әділеттің қайта шаңырақ көтергені әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл тақырып Threads платформасындағы қолданушылардың бірінің жарияланымынан кейін қызу пікірталасқа ұласты. Автор жазбасында Ұлдана Мырзуанның өмірден өткенінен кейін болған кейбір жайттарға қатысты өз ойын білдіріп, марқұмның отбасы туралы пікірін жазған.

Аталған жазба әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшілік арасында әртүрлі көзқарас қалыптастырды. Бірі Зейнет Әділеттің жеке өміріне құрметпен қарау керектігін айтса, енді бірі марқұм Ұлдананың тағдырын еске алып, өз пікірлерін білдіруде.

Айта кетейік, жазбада келтірілген мәліметтер Threads желісіндегі қолданушының жеке пікірі мен мәлімдемесі болып табылады. Онда айтылған ақпараттың ресми түрде расталғаны туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан – Маңғыстау облысында жедел жәрдем фельдшері болып еңбек еткен медицина қызметкері. Ол 2024 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тауып, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Кейін Ұлданаға мемлекеттік марапат беріліп, оның есімі қызметіне адалдықтың және кәсіби жанқиярлықтың үлгісі ретінде аталып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиландта 26 шілдеде із-түзсіз жоғалған ресейлік ағайынды – 22 жастағы Диана Назимова мен 17 ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысының Қарасу ауданында әйелін өлтірген 26 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс бойынша...