Алматының Бостандық ауданында көшеде қолына пышақ ұстап жүрген ер адамды полиция қызметкерлері ұстад...
“Екі рет үйленіп, ажырасқанмын”: Медеу Арынбаев жансырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желі
Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ол Айгүлді алғаш кездестіргенде-ақ болашақ жары екенін сезген. Жұбайы өмірден ерте өткен соң, екі баласын өзі тәрбиелеп өсірген.
Әншінің жадында жарының соңғы сәттері әлі сақтаулы. Айгүлдің өзіне ұзақ қарап, күлімсірегенін ол балаларын аманаттағандай қабылдағанын жеткізді.
Жақындары әншіге қайта шаңырақ көтеруге кеңес берген. Алғашында мұндай әңгімелер көңіліне тигенімен, кейін әзілмен жауап беруді әдетке айналдырған.
“Мен екі рет үйленіп, ажырасқан адаммын ғой”, – деп қалжыңдайтынын айтқан Медеу Арынбаев. Яғни бұл сөз әншінің екі рет некеге тұрғанын білдірмейді, қайта үйлену туралы сұрақтарға әзілдеп берген жауабы екен.