Олжас Абай Рүстем Жаныаманов туралы пікір білдірді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
224

Актер Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановтың шығармашылық әлеуетіне тоқталып, онымен ауқымды жобалар жасауға болатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның пікірінше, Жаныамановтың ой-өрісі кең болғанымен, мінез жағынан жетіспейтін тұстары бар.

“Рүстем Жаныамановта интеллект бар. Бірақ мінез аз. Онымен үлкен жұмыстар жасауға болады. Ол өзін әлі таппады. Ол өзінің кім екенін білмей жүр”, – деді Олжас Абай.

Сондай-ақ актер әріптесіне бірге жұмыс істейтін жақсы серіктес қажет деп есептейді.

“Адам адамға ғана әсер ете алады. Жалғыз өзің шығып, “маған қараңдар” дей бермейсің ғой. Оған жақсы партнер табылуы керек”, – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі арқылы жасалатын бір реттік аударымның шекті сом...