Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің жауапкершілігі артады, деп хабарлайды madeniportal....
Немересі 68 жастағы әжесінің атына несие рәсімдеген
Фото: ЖИ
170
Ақмола облысында 33 жастағы ер адам әжесінің келісімінсіз оның атына несие рәсімдеді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға Степногорск қаласында болған. Күдікті 68 жастағы әжесінің телефонында орнатылған мобильді қосымша арқылы несие алған.
Мәліметке сәйкес, ер адам бұған дейін есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталған. Ол әжесінің атына заңсыз несие рәсімдегенін мойындаған.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Несие сомасы туралы ақпарат берілмеген.