Ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, суретін оның парақшасына жүктеген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
173

Мәскеуде 28 жастағы Анастасияны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам марқұмның суретін оның әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Кейін күдіктінің өзі де ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 14 қарашада қаланың солтүстік-шығысындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы Дмитрий бұрынғы сүйіктісімен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Анастасия алған жарақатынан қайтыс болған. Жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Оқиғаның нақты мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Baza мәліметінше, ер адам оқиғадан кейін марқұмның аккаунтына кіріп, оның суретін жариялаған. Жазбаны қыздың байланыс тізіміндегі адамдар көрген. Арна күдіктінің бұған дейін есірткіге қатысты іс бойынша сотталғанын да хабарлады.

Кейін ер адам атыс клубына барып, өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Оны ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмаған. Күдіктінің қайтыс болғанын құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген РИА Новости хабарлады.

Мәскеу тергеушілері адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның алдын ала мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін таныған. Тергеу оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі арқылы жасалатын бір реттік аударымның шекті сом...